«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Назар аударыңыз! Бос орын!

26.09.2023

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бос лауазымдарға байқау жариялайды:

 

кітапханашы

 

1

Білім беру мекемесінің атауы

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Балкашин ауылының №1 жалпы орта  білім беретін мектебі» КММ

Орналасқан жері, пошталық мекенжайы

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин а.  Ағайынды Айсиндер көшесі  50 үй

Телефон нөмірі

8 716 40 9 14 56

Электронды пошта мекенжайы

balkashino_sh1@mail.ru

2

Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктеме

Кітапханашы, 0,5 ставка

Негізгі функционалдық міндеттері

      Ұйым бөлімшелерін, кітапхана оқырмандарын ғылыми-техникалық, экономикалық және басқа әдебиеттермен, сондай-ақ ғылымның, техниканың және озық өндірістік тәжірибенің отандық және шетелдік жетістіктері туралы библиографиялық материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Кітап баспаларының тақырыптық жоспарларын және ұйымның жұмыс бейінін, оның даму перспективаларын және ұйым қызметкерлерінің ғылыми-техникалық және экономикалық ақпаратқа қажеттілігін ескере отырып, мерзімді жазылым басылымдарының каталогтарын зерделеу негізінде кітапхананы жинақтау жоспарларын әзірлейді. Кітапхана қорын есепке алу, жинақтау, мерзімді түгендеу жұмыстарын жүргізеді. Ұйым қызметкерлерінің әдебиетке сұраныстарын уақтылы қанағаттандыру, ақпараттық жұмыстың жеделдігін арттыру үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды, кітапханалық қызмет көрсетуге заманауи компьютерлік және көшіру-көбейту техникасын енгізуге ықпал етеді. Кітапхана аралық абонемент бойынша оқырмандарға қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, басқа кітапханалармен байланыс орнатады. Әдебиеттердің жаңа түсімдерінің тізімін жасауды және оларды ұйым бөлімшелеріне жіберуді ұйымдастырады. Ғылыми-ақпараттық, ғылыми-әдістемелік және библиографиялық жұмыстарды жүргізуге, кітапханаға келіп түсетін әдебиеттерді техникалық және ғылыми өңдеуге, заманауи ақпараттық-іздестіру жүйелерін қолдануға арналған жүйелі және алфавиттік каталогтар жасауға басшылық етеді. Ұйым қызметкерлеріне абонементте және оқу залында қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Ұйым бөлімшелерінің басшыларымен және олардың қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша мамандармен тұрақты байланыста болады. Келіп түскен сұраулар бойынша библиографиялық анықтамалар жасауды қамтамасыз етеді. Ғылымның, техниканың және озық өндірістік тәжірибенің өзекті мәселелері бойынша тақырыптық көрмелерді, оқу конференцияларын, көрнекі үгітті, стендтерді, витриналарды ресімдеуге қатысады. Кітапхана қорының сақталуын, кітапхана жұмысының негізгі көрсеткіштері бойынша статистикалық есепке алуды жүргізуді және белгіленген есептілікті дайындауды қамтамасыз етеді. Кітапхана қызметкерлерін басқарады.

Білуі керек. Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және ақпараттық және кітапханалық жұмысты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі әдістемелік материалдар, қызмет бейіні, ұйымның мамандануы мен құрылымы, кітапхана қорын толықтыру, сақтау, іздеу, беру және есепке алу қағидалары, кітапханалық қызмет көрсетуде қолданылатын қазіргі заманғы ақпараттық-іздестіру жүйелері, ақпаратты жіктеудің қабылданған жүйесі және каталогтар жасау қағидалары, кітапхана аралық абонементтің бірыңғай жалпымемлекеттік жүйесі, ұйымның қызмет саласына жататын технология, конструкция, экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша библиографиялық анықтамалықтар, оқырмандар кітапхана қорының бірліктерін жоғалтқан кезде өтемақы төлеу тәртібі, кітапхана жұмысы туралы есептілікті жасау тәртібі, Еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитария қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Еңбекақы мөлшері мен шарттары

  • өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді;
  • кәсіби орта білім ( min): ___58577_ теңгеден бастап;
  • жоғары білім (min): ___72557____ теңгеден бастап

3

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары

  • тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім жұмыс өтіліне қойылатын талаптарды көрсетпей немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім жұмыс өтіліне қойылатын талаптарды көрсетпей

4

Құжаттарды қабылдау мерзімі

     5 жұмыс күнінде

5

Қажетті құжаттар тізімі

1)осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, байқауға қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген – егер бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) 114-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

10) кандидат үшін ұзақтығы кемінде 15 минут, ең аз кеңеюі - 720х480 өтілі жоқ бейнепрезентация.

6

Уақытша бос лауазым мерзімі

 

 

Ізденуші байқауға қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, байқауға қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген – егер бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) 114-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

10) кандидат үшін ұзақтығы кемінде 15 минут, ең аз кеңеюі - 720х480 өтілі жоқ бейнепрезентация.

 

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» №568 және Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығына сәйкес тестілеу өткізіледі, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаты болған кезде куәлік беріледі.

Байқау өткізу орны - «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Байқау өткізу күні -  2023 жылғы 04 қазан, сағат 10.00-де.

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы, Ағайынды Айсиндер көшесі 50, Балкашин 021400 мекенжайы бойынша ұсынылуы тиіс

Анықтама телефоны:87164091456

Просмотров: 3341


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст