Текст
1-31 тамыз аралығында 2025-2026 оқу жылына арналған қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектепалды даярлық сыныптарына оқушыларды қабылдау ашылды.
Құжаттарды қағаз түрінде тапсырған кезде мыналарды ұсыну қажет:
- ата-анасының/заңды өкілінің өтініші;
- №065/у нысанындағы профилактикалық егулер картасы;
- "Бала денсаулығының паспорты" №052-2/у нысанындағы анықтама;
- №027/у нысанындағы анықтама;
- психологиялық – медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) (бар болса)
Сіздерді Ағайынды Айсиндер көшесі, 50 мекенжайында күтеміз.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 9-14-56