Текст
Мектеп жанындағы жазғы лагерь өз жұмысын жалғастыруда. Жұмыс басында олармен «танысу» ойыны ойналды. Балалар шеңберге тұрып өздерінің есімдеріне баға беретін мақтау сөздер қосып айтты. Мысалы: Анель- ақылды, Жандос – жақсы, т.б. Танысып болған соң оларды балалардың құқықтарымен, Конвенциямен және Ата Заңмен таныстырдық. Осыған байланысты балалардың қандай құқықтары бар екенін айттық. Атап айтсақ: есімге, тегіне, әкесінің атына, қажетті деңгейде өмір сүруге, еңбек етуге, демалуға, уақытын тиімді өткізуге құқылы. Сонымен бірге өздерінің міндеттерін атқаруды да естен шығаруға болмайтыны айтылды.