«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жарқын болашақ» олимпиадасы

2020 жылдың 23 қаңтарында Балкашин №1 орта мектебінде қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасының мектепішілік іріктеу кезеңі өтті.

         «Жарқын болашақ» олимпиадасы жыл сайын дәстүрлі түрде мемлекеттік тіл мерейінің өсе түсуіне үлес қосу, жастардың шығармашылық қабілетін ашу, әлеуметтік белсенділігін арттыру және жарқын болашаққа деген нық сенімдерін қалыптастырып, тұлғалық болмысын көрсету мақсатында өткізіледі.

         Мектебіміздің оқушылары олимпиаданың ережесіне сәйкес бес бағыт бойынша сайысқа түсті. «Бейнелеушілер» бағытында қатысушылар қазақ әдебиетіндегі шығармалар бойынша комикс жанрында сурет салып, өз жұмыстарын қазақ тілінде қорғады. Байқаудың екінші бағыты «Жас қаламгер» деп аталды. Бұл бағытта оқушылар берілген тақырып бойынша эссе жазып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. «Білгірлер бәйгесі» деп аталған бағытта оқушылар қазақ халқының мақал-мәтелдері, жұмбақтары, жаңылтпаштары, ертегілері бойынша білімдерін ортаға салды. Олимпиада бағдарламасында қазақтың халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармашылығы да назардан тыс қалған жоқ. Сайыстың бұл бағыты «Әнші-бұлбұлдар» деп аталды. Олимпиаданың бесінші «Сөз шеберлері» атты бағытында қатысушылар мәнерлеп оқудан сайысқа түсті.

         Мектепішілік іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанған оқушыларымыз – Абжанова Айғаным, Шабунина Татьяна, Межова Анастасия, Казанкова Марина, Карюкина Анжелина, Рахимжанов Фархат, Съезбеков Ердос, Грицай Виктория, Габдуллина Елена, Котельникова Валентина олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысып, мектеп намысын қорғайтын болады. Шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!

Жаңартылған күні: 24.01.2020 13:06
Құрылған күні: 24.01.2020 13:17

Текст