Текст
Желтоқсанның төрті күні мектебімізде ақын, философ Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай қара сөздерін мәнерлеп оқу және актерлік шеберлік байқауы өтті. Аталған іс-шараға 4-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау үш тілде өтті: қазақ, орыс, ағылшын тілінде. Бірінші орынды 9 "Ә"сынып оқушысы Съезбеков Ердос иеленді. Айта кету керек, аталмыш іс-шара тәрбиелік сипатқа ие, патриоттық сезімге, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.