Бұл акцияның мақсаты-оқу жылының басталуына дайындық кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету, қолдау көрсету. Жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» республикалық акциясы өтеді. Бұл акцияның мақсаты - оқу жылының басына дайындық кезінде аз қамтылған, көп балалы, толық емес, яғни әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету, қолдау көрсету. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында біздің «№1 ЖББМ» КММ мұғалімдері де шетте қалған жоқ. Біз екі балаға спорттық киім мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға көмек көрсеттік. Акция барысында сынып жетекшілер балаларды оқу жылының басында барлық қажеттіліктермен толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ отбасыларды анықтады. Сондықтан аудан орталығының тұрғындарына, аудандық ұйымдарға, жеке кәсіпкерлерге балаларға көмек көрсету туралы хабарласты. Үндеулері бар буклеттер таратылды. Ұйым басшыларымен, аудан орталығының әлеуетті демеушілерімен, білім бөлімімен аталған отбасындағы балаға қажеттіліктерді сатып алу туралы келісілді. Біздің білім кәсіподағы, АІІБ, аудандық сот, білім бөлімі, Қазақтелеком, ішкі саясат бөлімі, жеке кәсіпкерлер және т. б. шетте қалған жоқ. Бүгінгі таңда, яғни 2022 жылдың 23 тамызында 13 балаға 163235 теңге көлемінде көмек көрсетілді.