«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балкашин №1 орта мектебінде «Шаңырақ» отбасылық клубтың ашылуы.

13.05.2019

Адам отбасынан ешқашан айырылмайды. Алдымен отбасында өзі тәрбиеленеді, кейін өз отбасын құрып, өзінің балаларын тәрбиелейді. Бүгінгі біздің әлем кешегі күнге ұқсамайды. Білім беру жүйесі өзгерді, балалардың бос уақытында айналысатын жаңа мүмкіндіктері туды. Жаңа ойыншықтар, азық-түлік, жаңа жиһаз, т.б. тек балалардың бойында ғана емес, сонымен бірге ата-аналардың бойында да өмірге деген жаңа көзқарасын туғызды. Өзгермеген бір-ақ зат бар. Ол – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі кейбір қиыншылықтар туғызатын сұрақтары. Осыған байланысты мектебімізде отбасылық клуб құруды ұйғардық. 8 мамыр күні Балкашин №1 орта мектебінде «Шаңырақ» отбасылық клубының ашылуы өтті. Аталған клубтың қызметі баланы тәрбиелеу барысында жеке тұлға ретінде тануға қызығушылық туғызу. Осындай қызмет атқару барысында ата-аналар мен мұғалімдер әріптес, дос, тіпті жанашыр ретінде болуы маңызды. Клуб жұмысының негізгі мақсаты – балаларды тәрбиелеу барысында серіктестік қарым-қатынас қалыптастыру. Клубтың негізгі міндеттері:

- балаларды тәрбиелеу барысында ата-аналарды оқу-тәрбие үдерісіне белсене қатыстыру; 

- мектеп мұғалімдері мен мамандарды қамту арқылы мұғалімдердің құзіреттілік деңгейін көтеру;  

- ата-аналарды шығармашылық тұрғыда дамыту. 

Просмотров: 687


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст