«Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліктер мен паспорттар беру» мемлекеттік қызметін алу үшін мынадай құжаттар қажет:
16 жасқа толғандар:
1. Туу туралы куәлік; (түпнұсқасы, көшірмесі).
2. ЖСН (туу туралы куәлікке қосымшада); (түп нұсқасы, көшірмесі).
3. 3,5*4,5 сурет – 1 дана;
4. Ата-аналардың бірінің болуы; (жеке куәлігі мен немесе нотариаттық сенім хат бойынша заңды өкілі).
5. 612,6 теңге көлемінде мемлекеттік БАЖ. (QR кодымен Халық банкі және Каспий банкі арқылы төлеуге болады).
6 .Егер паспорты бар болған жағдайда, өзімен бірге болуы қажет
Жарамдылық мерзіміне жеткеннен кейін ауыстыру кезінде:
16 жасқа толғаннан кейін туған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Халыққа қызмет көрсету бөліміне (тіркелген жері бойынша) жүгіну қажет. Ауыстыру бойынша жарамдылық мерзіміне жеткен кезде жеке куәліктің мерзімі өткен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Халыққа қызмет көрсету бөліміне (тіркелген жері бойынша) жүгіну қажет.