Текст
7 сәуір – денсаулық Күні. Салауатты өмір салты айлығы басталды. 5 сәуір күні 9-11 сыныптарының қыздары АОА СӨС өкілдері В.А.Евланенковамен және Т.В.Поляковамен кездесу өткізді. Олар: сауалнама толтырды, салауатты өмір салты, көру мүмкіндігі, дұрыс тамақтану, өз-өзін күту, спорт сабақтары, таза ауада жүру туралы әңгімелесті. Қыздардың жыныстық тәрбиесі туралы кітапшалар таратылды. Кездесу соңында сабақтан кейінгі жасалатын жаттығулар жасалды. Арқаның түзу болуына не қажет екенін білді. Қыздардың ағзасына қажетті сапалы ритмикалық жаттығулар жасады.