Текст
Қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлері бар, оның бәрі ұрпақтан ұрпаққа беріліп, жақсы қасиеттерді дамытуға себін тигізеді. Әр дәстүрдің өзіндік тарихы мен терең мағынасы бар. Мысалы, «Асар» дәстүрі, оның мағынасы қолдау көрсету және көмек беру болып табылады. Наурыз мерекесінің қарсаңында 15 наурыз күні Балкашин №1 орта мектебінің оқушылары «Асар» акциясына белсене қатысты, жалғызбасты қарт адамдарға көмек көрсетті.