Ағымдағы жылдың 27 қаңтары аудандық шығармашылық үйінде Сандықтау ауданының алты
мектебінен оқушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Олардың арасында бес бала - Кудерина Жамиля, Ашурков Владимир, Козлов Константин, Гук Анастасия және Степанова Светлана біздің Балқашын №1 орта
мектебінің оқушылары. Отырыстың басты тақырыбы Алматы қаласында өтетін XXVIII дүниежүзілік қысқы универсиада болды. Іс – шара барысында балалар универсиаданың шығу тарихы, Алматыда өтетін универсиада туралы ақпараттармен бөлісті. Оның логотипі, тұмары, қатысы бар ғимараттар, сонымен қатар біздің еліміз үшін қандай естелік мұра екендігі айтылды. Пікірталас барысында XXVIII дүниежүзілік қысқы универсиада бағдарламасына енген қысқы спорт түрлері туралы баса айтылып, спорттың түрлері мен олардың қиын жақтары айтылды.
Оқушылар өз мектептерінің түлектері, спортсмендердің Республика көлемінде қол жеткізген жоғары көрсеткіштері жайлы айтып өтті. Мысалға Еремин Роман, Сирик Сергей, Мухин Александр мен Мандрик Ольга шаңғы жарысы мен биатлоннан Қазақстан мемлекетін асқақтататыны туралы айтып, барлығы бірге оларға табыс пен жеңіс тіледі. Пікірталас соңында балалар спорттың әрбір адам өмірінде маңызды деген бір шешімге келді. Спортпен кәсіби айналысудың қажеті болмаса да, дене шынықтыруға қатысуға, белсенді өмір сүруге, дене сұлулығын тәрбиелеуге, мерік – күшін нығайтуға барлық адамдар ерікті.
Дөңгелек үстел басындағы әңгіме соңында XXVIII дүниежүзілік қысқы универсиада әнұраны айтылып, іс – шара ұйымдастырушылары қатысушылардың бәріне естелік зат – алда болатын универсиаданың тұмары жас Қыран суреті бар жалауша беріп, «Қанатыңды түзе» деген ұранмен отырысты аяқталды. \