Текст
Ағымдағы жылдың 31 қаңтары дарынды балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп – интернатында Ақмола облысының білім басқармасының «Облыстық оқу – әдістемелік кабинеті» өткізген «Жаратылыстану –
математикалық пәндерді ағылшын тілінде оқытудың мүмкіндіктері мен қиындықтары» тақырыбындағы облыстық семинар өтті. Семинардың пленарлық және секциялық отырысында мектептерде үш тілді білім беруді жүзеге асыру аясында ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқытудың болашағы, мәселелері мен оқыту жағдайлары тілге тиек болды.
Информатика пәні мұғалімдерінің секциясында Қожабеков Еркебұлан Бүркітбайұлы «Үш тұғырлы тіл – білім беру жаңа заман талабы» тақырыбында мастер – класс көрсетті.