«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жүрегің болса, жаның болса- боласың адам кез келген уақытта …»

08.02.2017

«Өзін – өзі тану – махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» тақырыбымен өзін – өзі тану пәні бойынша онкүндік шегінде 4 ақпан күні   10 Б сыныбында  «Жүрегің болса, жаның болса- боласың

адам кез келген уақытта …» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелпікір талас ретінде өтіп, төмендегі

сауалдар қаралды:

1.Адамгершілік дегеніміз не?

2.Жаңа заман адамына адамгершілік керек пе?

3.Осы норма мектепте қандай рөл қалыптастыруда?

4.Қазіргі заманғы адамгершілігі бар  адам қандай болуы керек?

Шын мәнінде, "жақсы" мен "жаман" сөздерінің төңірегіндегі сауалдар адам қоғамының пайда болуынан бастап өз шешімін таппай келеді. Иуданың опасыздығын барлығы біледі, бірақ бұл оқиға әртүрлі қаралады: бір жағынан, Иуда өз мұғалімінотыз күміске сатқанын  және ол Исаның өліміне кінәлі екенін, екінші жағынан, ол адамдарды Исаның күнәхарлығына сенуге итермелегенін, ал өзін уағыздаушы деп атағанын , сондықтан даадамдардыңсоттауына және аластауына лайық екенін біледі. Міне, 2000 жыл бойы сатқындарды осылай атайды. Бүгінгі кезде балалар да олқықылықтар жасайды, олар, өкінішке орай, біздің қоғамда нормаға айналды: сыныптастарыныңбір – бірін ұрып

– соққанын ұялы телефонға түсіреді, мұғалімдерінің айтқанын диктофондарғажазады, басқаларды шағыстырып қойып, барлығына таныс: "Неге оған "4" қойды, ал менде "3" деулері бар.  Бұл  бүгінгі ұрпаққа лайықты қылық

па? Бұл не? Өмір қағидасы бойынша: күресте барлық құралдар жақсы, әлде бұл адамгершілікке қарсы қылық па? Пікірталас барысында екі топ болып екі команда құрылды. Олар өздерінің пікірлерін жақтаушы және даттаушы жаққа бөлді. 10 сынып оқушылары Евгений Шварцтың  «Обыкновенноечудо» пьесасынан кішігірім үзінді

дайындады. Сосын болған істі екі жақты ойластырды. Ештеңеге қарамастан, біздің мектебіміз оқушыларын

адамгершілікке тәрбиелейді. "Қоғамның лайықты азаматынтек қана лайықты мысалдар арқылы тәрбиелеуге болады. Бүгінгі жастар білімді қайдан алады? Жақсы кітаптар, хабарлар мен фильмдерден алатыны өте аз дәрежеде болса, көбінесе жасөспірімдерөздерінің әрбір қадамында әлемдегі, қоршаған ортадағыересек адамдардың адамгершілікке жат қылықтарын көреді". "Тәрбие" сөзінің өзінде  жоғары және құндымағына бар. Тәрбиелеу дегеніміз – "рухани қоректендіру" дегенмен бірдей.

Пікірталас барысында біз төмендегідей шешімге келдік: Адамгершілік тәрбие –баланың жеке басын тұтас

қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үдеріс, оныңОтанға, қоғамға, ұжымға, өз міндеттеріне және өз-өзінедегенболжалдық қалыптасуы:бұл тәсіл белсенді өмірлік ұстанымға, сабырлылыққа тәрбиелеуге, түсіну мен қуануға, рухани құндылықтарға баулуды дағдыландырады. Адамгершілік сәнемес, ешқашан өтіп кетпейді!

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст