17 ақпан Балкашин №1 орта мектебінің 29 оныншы сынып оқушысы мен үш мұғалімі «Президент жолдауының аясында» атты аудандық жастар форумына қатысты. Мектеп оқушыларының атынан Деобальд Максим сөз сөйледі. Максим өз сөзінде жастардың назарын Жолдаудағы білім беру жүйесін қайта құру: келешекте
үштілділікті енгізу –бұл әлем жастарының қазіргі озық тең деңгейде болуы қазақстандық жастарға үлкен мүмкіндік береді- деген жолдарға аударды. Шын мәнінде бүгінгі күні патриоттық тәрбиелеуге көп көңіл бөлу керек, өйткені мемлекет пен қоғамға тән өмірдің ең маңызды және басты құндылығы. Максим Жолдауда қойылған міндеттер қандай қиын болса да, орындауға болады деген өз сенімін айтты. Сандықтау ауданының барлық жастарын Президент жолдауында белгіленген жоспарларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға шақырды.