Жалпы мектеп білімін жаңартуда басты назар бастауыш сыныптарға бөлінгенмен, ағылшын тілін табысты үйренбей міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Мектепте ерте жастан шеттілдік білім берудің тиімділігі мен нәтижелілігі – ең алдымен жаңа тілді оқытудың бастапқы даму кезеңі қалай салынғандығына тәуелді. Театрланған ойын ойнау, үзінді қою сияқты театр қызметінің элементтерін оқу үрдісінде кеңінен қолдану, оқушылар үшін шетел тілін меңгеру деңгейі өте жоғары болады.
Театр қызметі – сол тілде қарым – қатынас жасаудың дәл моделі, өйткені ол шындық, серіктестердің тілдік және қимылдық қарым – қатынасы. Бүгін Балкашин №1 орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары үлкен тосын сый күтті. Олар ағылшын ертегісінің әлеміне кіргендей болса, ал ол ертегіні өздерінің сыныптастары мен үлкен достары сомдап, көрсетті. Екінші сынып ұжымы «The Little House» атты ертегі қойды. 8 «Б» сынып оқушылары қуыршақ театры жанрында бәріне белгілі «Қызыл телпек» - «Little Red Riding Hood» ертегісін қойды. Театрланған ертегілерді қоюда ағылшын тілі мұғалімдері - Шурманова Жанна Тендешовна және Коптелова Виктория Сергеевна
оқушыларға тәлімгер болды.
Сан алуан түсті костюмдер мен декорациялар, қызықты ойындар, жас актерлер мен шығармашылық атмосфера бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырған емес. Осындай кештер мектептің игі дәстүріне айналып, қызмет етіп, оқу мақсаттарына септігін тигізіп қана қоймай, біздің оқушыларымыздың шығармашылық әлеуетін ашуға себепші болады деген сенімділік туғызады.