Текст
2017 жылдың 9 наурызы Балкашин №1 орта мектебінде аудандық әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда біздің мектеп директорымыздың орынбасары Т.Я. Антонкина «Тәрбие жүйесіндегі әлеуметтік
маңызды мектеп » жайында айтып берді. Татьяна Яковлевна өз сөзінде Балкашин №1 ОМ тәрбие жұмысының мақсаттарына, міндеттері мен бағыттарына тоқталып, презентация мазмұны бойынша схемалар мен фотосуреттермен нақты мысалдар келтірді.