Текст
4 сәуір Балкашин №1 орта мектебінде «Адал жол – Честный путь» облыстық жемқорлыққа қарсы марафон аясында «Мектеп ортасында жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының диалогтік алаңы өтті. Балалар « Жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз не?, Оны неге ерте жастан қалыптастыру керек?» деген
сауалдарды қарастырды. Іс – шара өткізудің басты мақсаты: өскелең ұрпақ бойына жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және жемқорлықты қабылдамауға тәрбиелеу. Барлығы 18 адам қатысты.