Интернет қазіргі заман адамдары үшін таптырмас көмекші. Дүниежүзілік ғаламтор– оқушыларға оқу жағынан көмектеседі, сонымен қатар жаңа білімнің қайнар көзі болып табылады. Басқа жағынан алатын
болсақ интернет ол қауіпті және зиянды болуы да мүмкін, өйткені онда әлеуметтік ортаға зиянын келтіретін және агрессия тудыратын материалдар өте көп қамтылған.Балалар интернетті өте белсенді қолданады, тіпті олар ересек адамдарға да қарағанда өз уақыттарын желіде көп өткізеді. Интернетті қолдана алатын балалардың жас төмендеп келе жатыр деп айтуға болады. Кіші жастағы балалардың психикасы тұрақсыз болғандықтан олар
жаман адамдардың ықпалына түсулері мүмкін немесе желілік ойындарға тәуелді олулары ықтимал.Өкінішке орай, балалар даладағы ойындардан бас тартып көбінесе желілік ойындарды ұнатып ойнап жүргендеріне біз куәгер болып жүрміз. Оларды тіпті тыйым салынған сайттар қызықтырады. Бүгінгі уақытта біздің міндетіміз балаларды Интернет ықпалынан қорғау, олардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету. Осыған орай біздің Балкашин №1 орта мектебінде
«Қауіпсіз интернет»Республикалық ақпараттық компания аясында осы жұмысқа бағытталған, яғни оқушылар интернетті қолданған кезде ережелерге байланысты бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды, айта кететін болсақ – бұл сынып сағаттары, тақырыптық жалпы мектептік линейкалар, сурет байқауларыжәне шығармалар, психологиялық
тренингтер, дебаттық турнирлер. «Ата –аналар бақылауы» қызметін қосылуы ата-аналар жиналыстарында «Қазақтелеком» АҚ қатысуымен жалпымектептік конференцияларында қарастырылды.