«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларды қауіпсіз Интернетпен қамтамасыз ету үшін ұсыныстар.

24.04.2017

Компьютерге деген тәуелділіктің алдын алу үшін ересек адамдарға мына ережелерді сақтау керек: Баланың жас ерекшелігін ескере отырып нақты ойын уақытын белгілеу маңызды. Кіші жастағы балалар - 30 минуттан астам отырмаулары тиісті.  Сондықтан ата-аналар өздері ойынның уақытын нақты бақылап, баланың ішкі сезімін дұрыс қалыптастыру үшін мына позицияларды ескеру тиіс: ол үшін ойын уақытын қадағалаушы таймер жіберуге болады, ойынды белгілі бір уақытқа тоқтату үшін балаға іркіліс жасауға үйрету керек. Балаға басқа да қызықты істермен айналысу үшін көмек беру керек, мысалы әртүрлі секциялар, үйірмелер.  Ол практикалық мектептерде немесе қосымша білім беретін мекемелерде болады. Балаға компьютерден басқа бір қызықты әлемді көрсетуге болады. Компьютер және Интернетті өзінің дүниетанымын дамыту үшін және жаңа мүмкіндіктерді ашу үшін қолдануға болатынын айтып жеткізу керек.  Балаға күнделікті өмірде жетістікке қол жеткізуге көмектесу керек: оқуда, қарым-қатынаста. Сонда ғана бала Интернет жаңа достар табу үшін, өзіне сенімді болу үшін және өзін қауіпсіз сезіну үшін жалғыз орын емес екенін түсінеді.  Конструктивтікәдістерөмірдегі қиыншылықтар мен қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Жанұяда жайлы атмосферамен ата-аналар мен балалар арасында қарым-қатынастың әрқашан жақсы болуына тырысу керек. Балаларға өз мақсаттарын анықтауға және сол мақсатқа жетуге көмектесу керек: бала өз мақсатына жетуге тырысса, басқа ойлар оның мазасын алмайды. Бақылаудың ыңғайлы формасын таңдау керек: Компьютерге ата-аналар бақылауы атты бағдарламаны және антивирусты  орнату керек. Егер сіздің кіші жастағы балаңыз үйде жиі жалғыз отырса, онда Интернетте оның көп отырмауын бақылауға алғаныңыз жөн. Егер жанұядағы барлық жанұя мүшелері компьютерді қолданса онда компьютерді баланың жеке бөлмесіне қоюдың қажеттілігі жоқ. Компьютерге әртүрлі ересектерге және балаларға арналған есеп жазбаларын  жасаңыз. Бұл балаларды қорғап қана қоймай сіздің жеке мәліметтеріңізді сақтауға көмектеседі. Сіздің балаңыз кіретін ресурстарды жиі бақылаңыз. Бұл

қарапайым күйге келтірулер сіздің балаңыз қандай ақпаратты қашан қарағандығын көре аласыз. Өз балаңызды қарапайым ережелермен таныстырыңыз, сонда ол Интернетте қандай жағдайлармен қақтығысуға болатыны алдын ала біліп жүреді және ондай жағдайда өзін қалай ұстау керектігін ескереді Егер бала сізге сенімділік артып Интернетте қандай адамдармен танысқанын немесе ондағы болып жатқан жағдайлар жайында сізбен бөлісіп отырса, онда сіз оны келеңсіз жағдайлардан  қорғай аласыз. Бірақ сіз баланы Интернетте кездесетін қорқынышты жағдайларды айтып шектен шықпаңыз, оған тек Интернетте тиімді пайдалы қолдану әдістерін көрсетсеңіз болды. Бала Интернет оның досы екенін сезіну керек, егер ол Интернетті дұрыс қолданса одан тіпті көп пайда табулары ықтимал. Ал онымен дос болу, ересектерге тікелей байланысты. 

Просмотров: 365


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст