Көктем біліне біздің ауданымыздың тұрғындары су тасқынынан зардап шекті. Аудан мен облыстың қызмет
ұйымдары түрлі демеушілік көмек көрсетті. Астана, Көкшетау қалаларының қорлары және біздің селоның тұрғындары азық-түлік, төсек-орын жабдықтарымен, бұрын қолданылған және жаңа киім-кешекпен көмек көрсетті. Кейбір адамдар көрсетілген көмекке өте риза. Біздің ауылдық округте 112 үй / Петровка елді – мекенімен қоса/ запа шекті. Тұруға жарамайтын апатты үйлер де бар. Осылайша Нагнойных отбасы тұрғын үйінен айрылды, қазіргі уақытта А. Н.Коренецкийдің қонақ үйінде тұрып жатыр. Оларды ыстық тамақпен "Кооператор" ЖШС, "Сказка" кафесі қамтамасыз етіп отыр. Кейбір отбасылар алдында уақытша мектепте тұрды, кейін Коренецкийдің қонақ үйінде, су кеткен соң өз үйлеріне көшіп, жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Біздің оқушылар мен мұғалімдердің арасында запа шеккен отбасылары бар. Қиын жағдайға түскен 31 отбасы, балалар саны - 45, одан басқа мұғалімдер мен қызмет персоналының отбасылары да бар.