Текст
12 мамыр жалпыұлттық ата –аналар жиналысы аясында Балкашин №1 орта мектебінде ата –аналар жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі сұрақтар төмендегідей:
- мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау және жаңа нысандағы ҰБТ-ді ұйымдастыру;
- мектептің қамқоршылық кеңесінің жұмысы, демеушілік көмек және қайырымдылық;
- орта білім беру ұйымдарында мектеп бітіру іс – шараларын өткізу туралы концепция;
- балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру;
- балалар жарақатының алдын алу және жасөспірімдердің өзіне қол салу, су айдындарындағы, жүретін жол бөлігіндегі балалардың қауіпсіздігі;
- міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау.