2017 жылдың 22 мамыры Балкашин №1 орта мектебінде Ақмола облысы білім басқармасының жетекшісі В.Г. Гамазовпен Сандықтау ауданы білім қызметкерлерінің кездесуі өтті. Кездесуге «Астана қаласы, Ақмола облысы білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық саласының кәсіби одағы» ОҚ төрағасы Б.К. Абдрахманов, Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Г.Е. Кадырова, аудандық білім бөлімі әдістеме кабинетінің меңгерушісі Ю.М. Межова, Сандықтау ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы М.М. Аубаева қатысты. Балкашин № 1 орта мектебінің тарих мұғалімі Ф.Н. Келлер облыс өкілдерінің көктемгі су тасқыны кезіндегі берген көмектері мен қолдауларына алғысын білдірді. Кездесуден кейін қатысушылар мектептің кейбір кабинеттерін, мұғалімдер бөлмесін, кәсіптік бағдар беру кабинетін, мектеп мұражайы мен Қазақстан халықтарының мектеп ассамблеясын аралады.