"Біздің балаларымыздың қауіпсіздігі" атты ата-аналар мен педагогтарүшін кеңес беру 22 -27 мамыр аралығында "Біздің балаларымыздың қауіпсіздігі" тақырыбында мектеп кеңесінде мұғалімдермен, ата-аналар жиналыстарында кеңес беру, әңгімелесу жүргізілді. мектеп жасына дейінгі балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен жазатайым құлауы, нақты фактілер туралы айтылды. "Менің үйім — менің мекенім", — деген белгілі мәтел. Біз, ересектер бұл мәтелді жиі ауызға аламыз, бірақ та біздің үйімізде де жасырын жатқан көптеген қауіп барын ескермейміз. Тұрмыстық аспаптар күннен –күнге көбеюде, соншалықты біздің негізгі аппаратураларымыз қиындады, үнемі кеңеюде, оған қоса тұрмыстық мақсаттағы түрлі химикаттар арсеналдары да көп. Бала толық оқу не жазу білмесе де, үйдегі түрлі – түсті теледидарды, магнитафонды, копьютерді, т.б. жеңіл меңгереді. Ал осы балаға қауіпті болуы мүмкін бе? Бірақ та осы таныс заттардың бала денсаулығына әсері мол. Мысалы тоқ көзіне шеге тығу, бөлмеде не ас бөлмесінде өрт шығару ересектердің ойына да келмейді, ал бала үшін қызық, бала қызығушылығымен немесе ойланбауынан істеуі мүмкін. Қараусыз қалған балалар су құбырын ашуы, үтікті тоққа тығуы, тоққа қосылған шаңсорғыштың ішін көруі, көз алдында жатқан әжесінің дәрісін ішіп көруі, ішуге жарамайтын сұйықтықпен шөл басулары мүмкін. Көпқабатты үйлердің терезесінен құлау жағдайы болуы ... Баланың терезеден құламауы үшін бала отырған бөлменің терезесі жабық болуы керек. Бала қауіпсіздігі - ерте жастан балаға ата –аналары қандай тәрбие бергеніне байланысты. Балалар бес жасқа дейін қоршаған әлемнің барлық қаупін түсінбейді, алдын ала ойлау мүмкін емес, тек қана осы уақытпен өмір сүреді, қаупі туралы ойланбайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың кіші жасынан қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға әр қимылдарына жауап беріп, қиындығын түсіндірген жөн. Мектепке дейінгі жастағы балалар өте сенімшіл, алдауға тез көнгіш келеді. Сондықтан бала үнемі ата –анасының көз алдында болу тәртібін ұғындырған жөн. Сонымен қатар ата –ана да өз баласын үнемі қарауы керек. Бұл алғаш қарағанда қиындау болуы мүмкін, бірақ бұл алғашында ғана қиын. Сонда ғана бала ата –анасы қайда кеткендігін аңғарады және ата –анасынан алыс кетуге, көрінбей қалудан қорқады. Бала үшін бұл ереже оңай және қисынды болады. Балаңыздың даладағы және үйдегі өз қимылдары туралы хабарлап отыруын талап етуіңіз қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіздігі біздің қауіпсіздігіміз. Өз балаңызды өмірдің келеңсіз жағыдайынан қорғауды ұмытпаңыз және оны әрдайым естен шығармаңыз.