«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалық - бақытты шақ.

02.06.2017

  Жыл сайын жаздың бірінші күні, 1 маусым Сандықтау ауданы Балкашин селосының орталық алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған салтанатты іс – шара өтеді.  Осы жылы да бұл іс – шара өз мәресіне жетті. Мереке аудан мектептерінің:  Балкашин №1 ОМ" ММ, "Новоникольск орта мектебі"ММ, "Максимовка ОМ" ММ, "Каменка ОМ" ММ, "Приозерный ОМ", т.б. мектептер көшбасшыларының шеруімен басталды. Содан кейін Сандықтау ауданының әкімі А. С. Исмағамбетов құттықтау сөз сөйлеп, ол осы мереке  әрбір адам, әрбір отбасы үшін маңызды екенін, өйткені балалар – бұл біздің болашағымыз деп атап өтіп, әр команда көшбасшыларына тәтті сыйлықтар табыс етті. Көшбасшылар еліктіретін көріністер көрсетіп, әр түрлі би және гимнастикалық қозғалыстар орындады. Барлық командалар бір-бірін қолдап, рухтарымен жиналуға көмектесті. Олардың билерінен кейін көптеген қайталанбас көңіл - күй, сезім, естеліктер қалды. Көшбасшылардың көріністерінен кейін, мерекелік концерт өтті, онда "Мирас" және "Ер-төстік" балабақшаларының   балалары, балалар үйінің тәрбиеленушілері, т.б. балалар өнер көрсетті. Балалар ән айтып, би, вальс билеп, өз қолдарымен тіккен костюмдерін көрсетті. Сонымен қатар алаңда еліктіргіш ойындар ойналды. Мұнда әр бала көңіліне және қызығушылығына қарай ойын-сауық таба алды. Олар:  спорт алаңы, "қағаз дефилесі",

"Fase - art" бетке сурет салу, асфальт бетіне сурет салу, "Бұл қай ертегі киіпкері?" атты қызықтырғыш ойындар, т.б. Балалардың жүзінде бақытты және ризашылық күлкісі орын алса, ал айналада көңілді күлкі естілді. Осы күн жағымды энергияға толы болды, өйткені осы мерекеге  балалар ғана емес, үлкендерге де келу көңілді болды, өйткені қызықты балалық шаққа қайта енгендей әсерде болды.

Просмотров: 370


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст