«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық мектеп бітіру кеші.

15.06.2017

2017 жылдың 12 маусымы Балкашин с. орталық алаңында ауданның барлық мектептерінің түлектері қатысқан аудандық мектеп бітіру кеші өтті. Осы кеште патшалық құрған атмосфера  қуанышқа толы болды, себебі тамаша музыка ойнап,  барлық түлектер әдемі киімдерде: қыздар ұзын кешкі көйлектермен  әдемі шаштарымен болса, жігіттер  пішінді костюмдер киді. Іс-шара орталық алаңда аудан мектептері түлектерінің шеруімен ашылып,  сынып

жетекшілерін ұлықтаумен жалғасты. Одан кейін аудан әкімі А.С. Исмағамбетов құттықтау сөз сөйлеп, түлектердің өмірдегі лайықты орындарын табуларын тіледі.

           Орталық алаңға блокбастердің әуенімен, қара джиптер келіп тоқтап, мектеп директорларын алып келді, швейцарлар киімін киген Балкашин №1 орта мектебінің  10 "Б" сынып оқушылары машина есіктерін ашты. Мектеп директоры өз түлектерінің жанына тұрды. Содан кейін аудан әкімі "Алтын белгі"алғандар Приозерный ОМ және Балкашин №1 ОМ түлегі Овчарова Анитаға,  ерекше үлгідегі аттестаттар алған Шнакенберг Яна мен Петлай Ольгаға алғыс хат табыс

етті.

         Ерекше үлгідегі аттестат тапсырғаннан кейін мектеп түлектері ән әуенімен соңғы мектеп биі -  вальс билеп шыр айналды. Сахнадан ата –аналар алғыстарын білдірсе,  мұғалімдер құттықтау сөздерін айтты.

          Түлектердің жүздерінде қуаныш күлкісі ойнаса,   сол мезетте жүздерінен  мұңды байқауға болатын еді,  өйткені  ертең олар шырғалаңы көп үлкен өмір жолына аяқ баспақ, әрине онда бағаны  мұғалімдер қоймайды. Түлектер мектептегі өткен жылдарын қуанышпен еске алады деп сенемін. Осы салтанатты іс –шараға арналған концерт өтіп, орталық алаңда көпке дейін музыка ойнап тұрды.

Просмотров: 400


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст