Текст
Жұма күні біз балалармен балалар кітапханасының екінші қабатына орналасқан мұражайға саяхатқа бардық. Бірінші бөлмеде балалар Екінші әлем соғысының тарихи экспанаттармен, каска және снарядтармен, т.б. заттармен танысты. Сонымен қатара қызықты қолданыстан шыққан: аяққа ілгіш, ұршық, асхана жабдықтарын көрді. Екінші залда жабайы аңдар мен құстардың қатырылған мүсіндерін көрдік. Балаларға саяхат өте ұнады, олар экспанаттарды қызығып қарады, тағы саяхатқа келуге сөз берді.