23 қыркүйек «Балкашин №1 орта мектебі» ММ- де 5,7 сынып оқушыларының ата –аналарымен «Орта білім мазмұнын жаңарту» тақырыбында ата –аналар жиналысы өтті. Мектеп директоры С.Д. Калиякбарова оқу жылының басталуымен ата –аналарды құттықтап, өткен оқу жылы ҰБТ тапсырған мектеп түлектері үшін өте жақсы деген қорытындымен аяқталғаны туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар ата – аналармен ағымдағы мектеп мәселесі:
ауызсу тәртібі, мектеп формасы, оқу – материалдық база жайлы айтылды. Критериалды бағалау бойынша оқу ісінің меңгерушісі А.Д. Секербекова баяндама жасап, ата –аналарға оқушылардың білім қорытындысы қалай бағаланатыны туралы түсіндіріп берді. Келесі кезекте математика мұғалімі С.А. Сагинбаева жаңа білім сатысына көшу дәрежесін сабақ құрылымы арқылы түсіндірді.