Текст
Балкашин №1 орта мектебі 2 қыркүйек күні 91 оқушыдан тұратын бірінші сынып оқушылары үшін өз есігін айқара ашты.Салтанатты жиын барысында мектеп директоры мектеп оқушыларын құттықтап, мектептің ішкі тәртібінде өзгешеліктер бар екенін атап өтті, сонымен қатар өткен оқу жылының қортындысы бойынша үздік мұғалімдерді мақтау қағазымен марапаттады.Оқушыларды ата-аналармен қатар, Балкашин ауылдық аймақ әкімі Лемешевская Лилия Борисовна құттықтады. Салтанатты жиыннан кейін әр сыныпта « Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттары өткізілді, оған педагог ардагерлері шақырылды.