2018 жылғы 10 қаңтардан бастап 10 ақпанға дейін «Қамқорлық» акциясы өткізіледі. Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу, әлеуметтік жағынан осал оқушыларғаға қаржылай және материалдық көмек көрсетуді толық қамтуды қамтамасыз ету үшін: -күнделікті сынып жетекшілері мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын талдау, себепті және себептерсіз келмейтін жағдайларда хабарлау;
- оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, бастауыш сыныптардағы балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға және аз қамтылған отбасыларға ерекше көңіл бөлу, балаларға әлеуметтік қорғалмаған санаттардан 100% ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- оқушыларды мектептерден тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға қатаң бақылау жасау; Ауылдық округ әкімдігі, мектеп қамтамасыз ету кеңесімен ата-аналар қауымы материалдық көмекке зәр балаларға материалдық қолдау, тегін тамақтану, киім, аяқ киім, мектеп жазу құралдарымен қамтамасыз ету;
- шұғыл телефон жұмысын ұйымдастыру, акцияны бұқаралық ақпарат құралдары, мектептің сайты, ақпараттық плакаттар, буклеттер арқылы өткізу туралы ашық ақпарат беру.
- 9-сыныпты бітірген оқушыларға ерекше назар аудара отырып, педагогикалық ұжымның, ата-аналар қауымдастығының және құқық қорғау және әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің мектептің шағын аймақтары бойынша аулаларды аралау және мектепке бармайтын балалар мен жасөспірімдерді анықтауға арналған рейдтердің бірлескен жұмысын жалғастыру.