«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Латын әліпбиіне ауысу.

23.02.2018

2018 жылдың 19 ақпанында  Қазақстан Республикасының Президенті қазақ тілі қаріптерін кириллицадан латынға ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл - еліміздің жалпы дамуына қажетті қадам.Егерде тарихқа тереңірек үңілетін болсақ, қазақ тіл білімі 1929 жылы ресми түрде латын әліпбиіне көшіріліп, 1940 жылға дейін қолданыста болатын. Қазіргі уақытта жер шарындағы ақпараттардың көпшілігі латын әліпбиінде таратылатынын ескере отырып, Қазақстан үшін  латынға көшудің пайдасы өте зор дер едім, өйткені бұл озық инновациялар мен жаңа технологияларға бір табан жақындаудың белгісі.Яғни, қазақ тілі тек өзінің байырғы тілі мен мәдениетін ғана жаңғыртып қоймай, оның халықаралық қарым- қатынасына, саясатына да оңтайлы ықпал етеді, сондықтан ол келешекке ашылған айқын да ашық жол деп түсінемін. Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу-  заман талабы, демек бұл қадамды бірауыздан қолдап, осы бағытта жұмыс жүргізіп, еліміздің ертеңі – жас жеткіншектерге осы әліппи арқылы жазылған білім нәрін сусындата отырып, тәлім беріп, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, еліміздің ұлт жанды, отаншыл азаматын тәрбиелеймін. Әрине, сондықтан оның болашағы зор болатынына күмәнім жоқ.Бұл - Қазақстанның модернизациялауына жасаған үлкен қадамы.

Просмотров: 514


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст