Ағымдағы жылдың 23 ақпаны Балкашин №1 орта мектебінде «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында коммуникативтік құзыреттілік пен шығармашылықты қалыптастыру» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Онда (Балкашин №1 орта мектебі) О.Н. Спиридониди «Орыс тілі мен әдебиеті
сабақтарында сыни ойлау әдістерін қолдану арқылы тұлғалық - бағдарланған оқыту технологиясын қолдану»
тақырыбында, А.К. Жалкенова «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында әлемдік технологияларды қолдану» тақырыбында, Л.Н. Лагутина «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында сыни ойлау стратегиясын
дамытуды пайдалану»тақырыбында, Г.У. Нурбаева «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың білім сапасын көтерудің шарты ретінде жаңа тәсілдерді қолдану» тақырыбында баяндамалар оқыды. Семинар жемісті өтті, өз мақсатына жетті, өйткені қатысушылар іс – шаралардың және педагогтардың кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейде екендігін атап өтті.